{metadescription}
Алматыда бірінші сынып оқушысының зорлануы: сараптама қорытындысы жарияланды

Алматыда бірінші сынып оқушысының зорлануы: сараптама қорытындысы жарияланды

Алматы полициясы жекеменшік мектептердің бірінде 7 жасар баланы зорлау фактісіне қатысты сот-медициналық комиссия сараптамасының қорытындысын жариялады, деп хабарлайды Kazinform

Алматы қалалық Полиция департаменті ҚР ҚК-нің 121-бабы 4-бөлігімен қарастырылған қылмыс бабы бойынша қылмыстық істі тергеп жатыр.

«Сот-комиссиялық сараптамасы тағайындалды. Сараптама қорытындысы бойынша баланың денесінде сыртқы және ішкі жарақаттар табылмады. Қазір қосымша сараптама тағайындалды. Сондай-ақ геномдық ДНҚ сараптамасы жүргізілді, ол бөгде биоматериалдың жоқ екендігін анықтады», - деп хабарлады Алматы қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Бақылау камераларына түскен бейнежазбалар тергеу үшін тәркіленіп, мұқият сараптамадан өтті. Алайда қылмыстық іс жүргізу заңнамасының, атап айтқанда, ҚР ҚІЖК-нің 201-бабының талаптарына сәйкес сотқа дейінгі тергеу туралы мәліметтер жария етуге жатпайды.

Еске салайық, қазан айының басында Алматы тұрғыны 1-сыныптағы баласының зорланғаны туралы мәлімдеме жасаған болатын. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде