{metadescription}
Астанада қаңғыбас иттер мен мысықтардың қырылып жатқаны рас па

Астанада қаңғыбас иттер мен мысықтардың қырылып жатқаны рас па

Әлеуметтік желіде Астанада қаңғыбас иттер мен мысықтардың өліп жатқаны туралы ақпарат тарады.

Жазба авторының айтуынша, уақытша ұстау мекемесінде жағдай мүлдем нашар, салдарынан иттер мен мысықтар қырылып жатыр. Істің мән-жайын анықтау үшін Kazinform агенттігі елорданың қалалық орта сапасы және бақылау басқармасына ресми сауал жолдады.

«Жыл басынан бері 8446 қаңғыбас жануар ұсталды. Ұсталған иттер мен мысықтар иесіне қайтарылғанша немесе басқа адамға асырауға берілгенше уақытша ұстау пунктінде 60 күн ұсталады. 60 күннен кейін иттер мен мысықтар «Стоп Отлов» еріктілер ұйымына беріледі. Сондай-ақ, 60 күн ішінде оларға құрттарға қарсы дегельминтизация, құтыруға қарсы вакцинация және чиптеу сияқты ветеринариялық-профилактикалық шаралар жүргізіледі», - делінген ресми жауапта.

Басқарманың ақпаратына сәйкес, қазір уақытша ұстау пунктінде 3000 ит және 236 мысық бар.

Жыл басынан бері 3089 ит пен 590 мысық арнайы жабдықталған инсинератор пешінде жойылды. 

«Уақытша ұстау пунктінде қаңғыбас иттер мен мысықтардың күтіп, баптаумен 10-15 адам айналысады («Стоп Отлов» 5-10 ерікті және кәсіпорынның 8 қызметшісі). Олардың міндетіне күнделікті тазалау, иттер мен мысықтарды суару және тамақтандыру кіреді. Астана қаласы мәслихатының 2022 жылғы 30 қыркүйектегі № 238/32-VII «Астана қаласында иттер мен мысықтарды аулау, уақытша ұстау және жансыздандыру қағидаларын» шешімінің 29-бабының 4-тарауына сәйкес, қаңғыбас иттер мен мысықтарды улауға, химиялық препараттарды пайдалануға және кез келген тәсілмен жансыздандыруға жол берілмейді», - дейді басқармадан.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде