{metadescription}
Бүгін Қазақстанда күн ашық болады
Қазгидромет синоптиктері 7 қараша, сейсенбіде ауа райы қандай болатынын жариялады.
09:02 07.11.2023
Республиканың басым бөлігінде антициклон ықпалымен күн ашық болады, жауын-шашын жаумайды.
Тек еліміздің батысы мен оңтүстіктің таулы аудандарында атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты жаңбыр жауып, жел күшейеді.
Қазақстан бойынша тұман түседі.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!