{metadescription}
Бүкіл ел бойынша қызылшаға қарсы вакцинация басталды

Бүкіл ел бойынша қызылшаға қарсы вакцинация басталды

Қазақстанда қызылша бойынша қолайсыз эпидемиологиялық жағдай қалыптасты.

Жыл басынан бері қызылшаның 12 671 жағдайы тіркелді, оның ішінде 10 563 науқас - 14 жасқа дейінгі балалар, жасөспірімдер – 354, ересектер – 1 754, деп хабарлайды Kazinform.

70% немесе 8 866 жағдай — вакцина алмаған балалар.

Оның ішінде вакцинациядан бас тарту себебінен — 5 286, медициналық қарсы көрсетілім — 1 555, егу жасына жетпеу — 1 930, өзге себептер — 93.

Тағы 16% немесе 2 062 жағдай — белгісіз вакцинация мәртебесі бар адамдар.

Қызылша елдің барлық өңірінде көптеп тіркеліп жатыр. 

Қызылшамен сырқаттану бойынша эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыру үшін шұғыл ден қою шаралары қабылданады.

Осылайша 1 қарашада бас мемлекеттік санитар қызылшаға қарсы екпе науқанын бастау жөнінде арнайы қаулы шығарды.  

Көрсетілген қаулыға сәйкес 6 қарашадан бастап қызылшаға, қызамыққа және паротитке (ҚКП) қарсы 6-11 айлық балаларға, желтоқсаннан бастап — қызылшаның егу мәртебесіне қарамастан 2-4 жасар балаларға қосымша жаппай иммундау жасалады. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

24 қаңтар

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде