{metadescription}
Нұрлан Ұранхаев Абай ауданының жаңа әкімін таныстырды

Нұрлан Ұранхаев Абай ауданының жаңа әкімін таныстырды

Абай облысының басшысы Абай ауданының жаңа әкімін таныстырды, деп хабарлайды облыс әкімдігінің баспасөз қызметі. 

Бүгін Абай ауданының активімен кездесуде облыс әкімі Нұрлан Ұранхаев аудан және облыстық маңызы бар қала әкімдерінің сайлауы нәтижесінде сайланған ауданның жаңа басшысын таныстырды.

Қазақстанның «Сайлау туралы» заңына сәйкес ауданның аумақтық сайлау комиссиясының шешімі негізінде Мейіржан Серікбосынұлы Смағұлов Абай ауданының әкімі лауазымына сайланды.

Мейіржан Серікбосынұлы еңбек жолын бас маман болып бастап, мемлекеттік қызметтің барлық баспалдағынан кезең-кезеңімен өтті. Ауылдық округ әкімі болды, кейіннен аудан әкімінің орынбасары болып қызмет атқарды.

Өңір басшысы Нұрлан Ұранхаев өткен сайлау демократиялық, әлеуметтік-құқықтық даму бағытын таңдаған ел дамуының жаңа кезеңін көрсететінін ерекше атап өтті. Сондай-ақ жаңа басшыны құттықтап, қызметіне табыс тіледі. 

«Бұл демократиялық, әлеуметтік, құқықтық бағытты таңдап алған еліміз үшін, дамудың жаңа кезеңі екені сөзсіз. Күні кеше, 5 қарашада ел тарихында алғаш рет, 45 өңірінде әкімдер сайлауы өтті. Олардың қатарында Абай елінің болуы да заңды құбылыс деп есептеймін. Көпке үлгі болған, қасиетті өңір өзінің саяси мәдениетін көрсетіп, таңдауын жасады. Осы орайда, сайлаудың жоғары дәрежеде өтуіне тікелей септігін тигізген барша аудан тұрғындарына алғысымды білдіремін!», - деді облыс әкімі.

Жиын барысында Нұрлан Ұранхаев ауданның бұрынғы әкіміне еңбегі мен өңірдің дамуына қосқан үлесі үшін ризашылығын білдіріп, алдағы уақытта да өңірдегі жұмысын жалғастыратынын жеткізді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.