{metadescription}
Қызылордада жүк көлігі қаққан әйел оқиға орнында көз жұмды

Қызылордада жүк көлігі қаққан әйел оқиға орнында көз жұмды

Қызылорда қаласында белгіленбеген жерден өткен жаяу жүргіншіні жүк көлігі қағып кетті. Ол оқиға орнында қаза тапты, деп хабарлайды Kazinform

Қызылорда қаласына қарасты Ж.Махамбетов ауылының тұсында «Самара-Шымкент» автомагистральды тас жолында 6 қазанда сағат 18:30 шамасында 32 жастағы азаматша белгіленбеген жерді кесіп өтпек болған.

«Жаяу жүргіншіні «SCANIA» жүк автокөлігі қағып, салдарынан 32 жастағы азаматша оқиға орнында көз жұмды. Осы дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабының 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізіліп жатыр. Тиісті сот сараптамалары тағайындалды. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық полиция департаментінен.

Полицейлер жүргізушілерге де, жаяу жүргіншілерге де жолда барынша сақ болуды ескертеді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде