«Chia Tai Tianqing Pharmaceutical» қаржы пирамидасының басшысы ұсталды
Астанадағы «Chia Tai Tianqing Pharmaceutical» ЖШС құрылымдық бөлімшесінің басшылығына қатысты тағы бір сотқа дейінгі тергеуді Қаржы мониторингі агенттігі елордалық департаментінің қызметкерлері аяқтады, деп хабарлайды Kazіnform.
15:46 07.11.2023
Компания өзін Қытайда фармацевтикалық препараттар мен медициналық жабдықтарды өндіру және экспорттаумен айналысады деп көрсеткен.
Салымшыларға ақшаны көптеген жобалар бойынша табыстылығы жоғары қызметке инвестициялау ұсынылған.
Тергеу барысында құрылымдық бөлімшенің басшысына қатысты «қамау» бұлтартпау шарасы таңдалды.
101 салымшыдан тартылған қаражаттың жалпы сомасы 168,5 млн теңгені құрады.
ҚР ҚПК 201-бабының талаптарына сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексерудің өзге де деректері жария етілуге жатпайды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!