{metadescription}
Еуразиялық қайта сақтандыру компаниясын құру туралы келісім ратификацияланды

Еуразиялық қайта сақтандыру компаниясын құру туралы келісім ратификацияланды

Мемлекет басшысы "Еуразиялық қайта сақтандыру компаниясын құру туралы келісімді ратификациялау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.

"Келісім құрылатын Еуразиялық қайта сақтандыру компаниясының мақсаттарын, мәртебесін және міндеттерін айқындайды. Компанияның функцияларын және Жарғылық капиталға қатысу үлестерін төлеу тәртібін бекітетін компанияның Жарғысы келісімнің ажырамас бөлігі саналады. Аталған компания тиісті мәселелерді шешуге көмектесу үшін құрылған, яғни өзара сауда және инвестициялар көлемін ұлғайтуға, компанияға қатысушы мемлекеттер арасындағы экономикалық интеграцияны дамытуға ықпал етеді. Сонымен қатар, инвестициялық тартымдылықты арттыруға және мүше мемлекеттердің үшінші елдермен сауда-экономикалық байланыстарын кеңейтуге бағытталған", - деді 2023 жылы 19 қазанда Сенат отырысында сенатор Серік Шайдаров.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.