{metadescription}
Өрт салдарынан 14 венесуэлалық мигрант қаза тапты

Өрт салдарынан 14 венесуэлалық мигрант қаза тапты

Чилидің оңтүстігіндегі Коронель қаласында мигранттар қонысынан өрт шығып, салдарынан Венесуэланың 14 азаматы қаза тапты, оның ішінде сегіз бала бар, деп хабарлайды Kazinform.

Қала мэрі Хавьер Валенсияның айтуынша, қаза болғандар арасында төрт отбасының мүшелері бар.

Тергеу амалдары басталды. Полицейлердің бір нұсқасы бойынша, өртке қыздырғыш құралдың шектен тыс қызып кетуі себеп болуы мүмкін.

Алдын ала мәліметке сәйкес, қаңылтыр жәшіктер мен түпқоймалардан салынған үйден шыққан өрт жалыны тез арада көрші үйге таралды, деп хабарлады Xinhua.

Валенсия мэрінің орынбасары Чилиде «панасыздарға арналған уақытша лагерьлер» деп аталған рұқсат етілмеген жерлерде тұрғын үй құрылысының өсуін сынға алды.

Коронель қаласы Чилидің оңтүстігіндегі үлкен қала Консепсьонға жақын орналасқан.

Кедейлік пен тұрмыстық зорлық-зомбылықтан қашқан он мыңдаған венесуэлалық оңтүстікке қарай - Американың ең бай елдерінің бірі Чилиге саяхаттау арқылы өз өмірлерін қатерге тігуде. Көптеген мигранттар шекараны Боливиядан немесе Перудан көбіне аса қауіпті жағдайда, жаяу кесіп өтіп жүр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

06 қаңтар

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде