Жамбылда 48 бала мен ересек мектеп асханасындағы тамақтан уланды
Жамбыл облысы Байзақ ауданында балалар мен ересектер жаппай уланды, деп хабарлайды Kazinform.
09:21 08.11.2023
Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінен хабарлағандай, Байзақ ауданының орталық аудандық ауруханасына 48 адам келіп түскен.
Олар мектеп асханасында түскі ас ішкеннен кейін уланған.
Оның 35-і ауруханаға жатқызылды. Екеуі ересек, қалғаны — балалар.
"Негізінен 7-10 жасар балалар келіп түсті. Бәрі — Байзақтағы Н. Киікбаев атындағы орта мектептің оқушылары. Зардап шеккендерге "жіті тамақ токсикоинфекциясы" диагнозы қойылды", — деп түсіндірді ведомстводан.
Дәрігерлер ауруханаға жатқызылғандардың жағдайын орташа ауыр және бірқалыпты деп бағалап отыр.
Инфекционист, педиатр, токсиколог, реаниматолог-анестезиолог мамандар бүкіл диагностикалық және емдеу шараларын жасап жатыр.
"Пациенттерге медициналық көмек көрсету үшін ҚР бас инфекционисімен консультация жүргізіледі. Жағдай тұрақты, бәрі облыстың денсаулық сақтау басқармасының бақылауында", — деп нақтылады басқарманың баспасөз қызметі.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!