{metadescription}
Павлодар облысында жүк көлігі қағып кеткен жаяу жүргінші көз жұмды

Павлодар облысында жүк көлігі қағып кеткен жаяу жүргінші көз жұмды

Павлодар облысында жүк көлігі жаяу жүргіншіні қағып кетті, деп хабарлайды polisia.kz.

Оқиға Омбы-Майқапшағай автожолының 340 км-де болды.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 7 қарашада сағат 19:00-де «Scania» маркалы автомашинаның жүргізушісі жол бөлігін белгіленбеген жерден өткен 55 жастағы жаяу жүргіншіні қағып кеткен. 

«Салдарынан жаяу жүргінші алған жарақаттарынан оқиға орнында қайтыс болды. Жол-көлік оқиғасы фактісі бойынша полиция тексеру жүргізуде, қажетті сараптамалар тағайындалды», – деді департаментте. 

Автокөлік айып тұрағына қойылды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде