{metadescription}
Алматыда жол ережесін 81 рет бұзған жүргізуші ұсталды

Алматыда жол ережесін 81 рет бұзған жүргізуші ұсталды

Алматыда Toyota көлігінің жүргізушісі 81 рет жол ережесін бұзып, бір млн астам айыппұл арқалады, деп хабарлайды Kazinform.

Алматы қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, жол ережесін бұзған көлік Грузияда тіркелген. Жүргізушіге салынған айыппұлдың көлемі 1 миллион 29 мың 615 теңгені құрады.

«Бұл бұзушылықтар қаладағы бейнежүйе арқылы тіркелген. Жүргізуші 81 рет жол ережесін бұзған, көбіне жылдамдықты асырған. Оны «Қорғау – қауіпті жүргізуші» автоматтандырылған жүйесі арқылы анықтап, ұстадық», - деді Алматы полиция департаментінің жергілікті полиция қызметінің бастығы Ержан Ұзабаев. 

Полицейдің сөзінше, көлік арнайы айып тұрағына орналастырылды. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде