Электронды шылым салығынан бюджетке қанша кіріс түседі
Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті Бақылау департаментінің директоры Елдос Саудабаев электронды шылым кіргізушілер бюджетке қанша салық төлегенін айтты, деп хабарлайды Kazinform.
Фото: ҚМА
17:03 09.11.2023
Департамент директорының сөзінше, 2023 жылдың 8 айында электронды шылымға қолданылатын 14 655 литр сұйықтық әкелінген.
«Бұл салада төленген салық пен кедендік баждың жалпы сомасы 1 млрд 914 млн теңге болса, оның 778 млн теңгесі акциз, 100 млн теңгесі кедендік баж, 1 млрд 36 млн теңгесі қосылған құн салығы», - деді Елдос Саудабаев.
Айта кету керек, Қазақстанда электронды шылым импортына түбегейлі тыйым салу мәселесі қызу талқыланып келеді. Тіпті Мәжіліс депутаты Нұргүл Тау Премьер-Министрдің атына депутаттық сауал да жолдаған болатын. Электронды шылымның импортына қарсы топ кәмелетке толмаған қазақстандықтар арасында вейптің кең таралғанына алаңдаулы.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!