{metadescription}
Астанада жыл басынан бері есірткімен байланысты 194 қылмыс тіркелді

Астанада жыл басынан бері есірткімен байланысты 194 қылмыс тіркелді

Елордада жыл басынан бері синтетикалық есірткіні жарнамалайтын 60 сайт анықталды.

Сонымен қатар биыл 10 айдың ішінде 194 есірткі қылмысы тіркелген. Бұл туралы Астана қаласы Полиция департаменті есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы бастығының міндетін атқарушы Еркеш Қалыков мәлім етті, деп хабарлайды Kazinform.

Астана қаласы коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингіде 10 айда Астана қаласы есірткі қылмысына қарсы күрес департаментінің 194 есірткі қылмысын тіркегені айтылды. Сонымен қатар елордада 5 есірткі жасайтын зертханасының жойылып, оның ішінде 4 фитолаборатория бар және синтетиканы жасайтын қала тұрғындары ұсталған.

«Күн сайын әлеуметтік желілерде «закладчик» ретінде жұмысқа орналасу туралы хабарландырулар, сондай-ақ есірткі сататын интернет-дүкендердің мекенжайлары көрсетілген граффити суреттерін орналастыру туралы сыни мақалалар жарияланады», - деді Еркеш Қалыков баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша. есірткі және психотроптық заттарды сату және жарнамалау бойынша интернет кеңістігіне тұрақты негізде мониторинг жүргізіледі.

«Жыл басынан бері синтетикалық есірткіні жарнамалайтын 60 сайт анықталып, олар жабылды. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 299-1 бабына сәйкес есірткі құралдарын насихаттау және заңсыз жарнамалау бойынша 11 қылмыстық іс қозғалды»,- дейді ол.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Кеше

14 наурыз

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.