{metadescription}
Қазақстанның Тұңғыш Президенті інісі Болат Назарбаевты еске алып, құран бағыштап, ас берді

Қазақстанның Тұңғыш Президенті інісі Болат Назарбаевты еске алып, құран бағыштап, ас берді

Нұрсұлтан Назарбаевқа көңіл айту үшін көрнекті мемлекет және қоғам қайраткерлері, Тұңғыш президенттің серіктері, дипломатиялық корпус өкілдері, шығармашылық зиялы қауым мен дін қайраткерлері келді.

Жиналғандар алдында сөз сөйлеген Н.Назарбаев жылы лебіздері мен шынайы тілектеріне алғысын білдірді.

«Қабырғамыз қайысқан, біздің жанұмыздың қиыншылығын бірге көтеруге президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтан бастап, өз азаматтарымыз да, көрші елдердің басшылары да көңілін айтып жатыр. Бәріне шын жүрегіммен ризашылығымды білдіремін», - деді Қазақстанның Тұңғыш Президенті.

Сондай-ақ Нұрсұлтан Назарбаев жиналғандарға тәуелсіз Қазақстанның қалыптасу тарихы туралы еске салып, бүгінде Қасым-Жомарт Тоқаев жүргізіп жатқан реформалардың маңыздылығын атап өтті.

«Әр ұрпақтың өз жолы, өз міндеті бар. Келесі ұрпақ өз өзгерістерін әкеледі. Өзгеріссіз даму да болмайды, алға баса алмаймыз», - деді Қазақстанның Тұңғыш Президенті.

Сөз соңында Н.Назарбаев мемлекеттің өркендеуінің, қауіпсіздігі мен тұрақтылығының кепілі – халықтың бірлігі, оның айтуынша, әркім қорғауы қажет екенін атап өтті.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде