{metadescription}
Республикалық жолдарда көлік қозғалысына енгізілген шектеу алынды

Республикалық жолдарда көлік қозғалысына енгізілген шектеу алынды

Республикалық маңызы бар жолдар желісі бойынша барлық бағыт ашық. Өткен түнде мамандар 500 м3 құм-тұз қоспасын септі, деп хабарлайды Kazinform.

Естеріңізге сала кетейік, ауа райының нашарлауына байланысты (боран, қар, жол бойындағы көрінудің шектелуі) еліміздің 3 өңірінде (СҚО, Қостанай және Ақмола облыстары) 27 жол учаскесі жабық болды. Желіде 220 бірлік арнайы техника мен 300 маман жұмыс істеді. 

Қостанай облысында жолшы мамандар 30 жүк көлік жүргізушісіне және 4 жеңіл көлік жүргізушісіне көмек көрсетті. Ал СҚО аумағында мамандар арнайы техниканың көмегімен қар құрсауынан 3 көлікті шығарды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.