{metadescription}
Алматы облысында автобус өртеніп кетті

Алматы облысында автобус өртеніп кетті

Алматы облысында электр сымдарының қысқа тұйықталуынан жолаушылар автобусы жанып кетті, деп хабарлайды Kazinform.

Оның видеосы әлеуметтік желіде тарады. Облыстық төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға 17 қараша күні сағат 16:29-да болған.

«Алматы облысы ТЖД кезекші бөліміне Іле ауданы Байсерке ауылында жолаушылар автобусының жанғаны туралы хабарлама келіп түсті. Оқиға орнына дереу өрт сөндіру бригадасы жіберілді», - деп атап өтті ведомстводан.

Өрттің алдын-ала себебі - қозғалтқыш бөлігіндегі электр сымдарының қысқа тұйықталуы.

«Өрт жарты сағатта толық сөндірілді. Абырой болғанда құрбандар мен зардап шеккендер жоқ. Қызыл жалынды ауыздықтауға ТЖД 3 қызметкері мен 1 техникасы жұмылдырылды»,- деп қосты департаменттен.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде