{metadescription}
Атырауда қараша айы басталғалы бері 8 есірткі қылмысы тіркелген

Атырауда қараша айы басталғалы бері 8 есірткі қылмысы тіркелген

Атырауда қараша айы басталғалы есірткі қылмысымен байланысты 8 дерек тіркелген. Қазір 8 күдіктіге қатысты қылмыстық істі тергеу жүріп жатыр, деп хабарлайды Kazinform.

Атырау облыстық полиция департаменті тергеу басқармасы бастығының орынбасары, полиция подполковнигі Арсен Иманәлиевтың айтуынша, әлеуметтік желіде кейбір күдіктілердің жауапкершілікке тартылмағаны туралы ақпарат тараған.

«Қараша айы басталғалы Атырау облыстық полиция департаментінің қызметкерлері есірткі қылмысымен байланысты 8 құқық бұзушылықты анықтады. Қазір 8 күдіктіге қатысты қылмыстық іс тіркелді. Заң шеңберінде күдіктілер жауапкершілікке тартылады. Күдіктілерге қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 296 және 297-бабымен сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», - деп мәлім етті Арсен Иманәлиев.

Оның айтуына қарағанда, өзге ақпарат ҚР Қылмыстық-процесстік кодексінің 201-бабына сәйкес жариялауға жатпайды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.