{metadescription}
Қазақтан шыққан ресейлік саясаткер Аман Төлеев өмірден өтті

Қазақтан шыққан ресейлік саясаткер Аман Төлеев өмірден өтті

Кемерово облысын 2018 жылға дейін 20 жыл басқарған Аман Төлеев 80 жасқа қараған шағында қайтыс болды. Қаралы хабарды аймақ басшысы Сергей Цивилев ВКонтактепарақшасында жеткізді, деп хабарлайды Kazinform.  

«1997 жылдан 2018 жылға дейін Кемерово облысының губернаторы болған Аман Ғұмырұлы Төлеев өмірден өтті. Ол бар ғұмырын Кузбасс пен Ресейге қызмет етуге арнаған жарқын, ерекше адам. Бұл — орны толмас қаза. Біздің аймақтың тұтас дәуірі Аман Ғұмырұлымен байланысты: ол кеншілер Транссібір темір жолындағы қозғалысты бөгеп, рельсте отырған қиын-қыстау кезеңде оны басқарып, дағдарыстан алып шықты», — деп жазды ол.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде