{metadescription}
Жамбылда тамақтан уланған балалар: 12 түрлі тағамнан ішек таяқшасы табылды

Жамбылда тамақтан уланған балалар: 12 түрлі тағамнан ішек таяқшасы табылды

Жамбыл облысы Байзақ ауданы Сарыкемер ауылы Н.Киікбаев атындағы мектеп-гимназиясындағы тамақтан улану жағдайы бойынша сараптама қорытындысы шықты, деп хабарлайды Kazinform.

Жамбыл облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің берген мәліметінше, бүгінде аталған мектепте тағамнан улану дерегі бойынша полиция департаменті Қылмыстық Кодекстің 304- бабы 1-бөлімімен сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастаған.

Жамбыл облысының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің алғашқы лабораториялық зерттеу қорытындысына сәйкес, алдын ала болжам бойынша 12 түрлі тағам ішінен ішек таяқшасы тобының бактериялары табылған. 

«Толық сараптама қорытындысы 21 қарашадан соң белгілі болады. Қазіргі таңда тексеру жұмыстары жалғасып жатыр», – деді Жамбыл облыстық ПД баспасөз хатшысы Гүлсара Мұхтарқұлова.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

08 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде