Ақтау білім бөлімінің басшысы парамен ұсталды
Маңғыстау облысында білім бөлімінің басшысы ұсталды, деп хабарлайды Kazinform.
Фото: Рустем Айтхожин/Kazinform
12:47 20.11.2023
Маңғыстау облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет білім саласында заңсыз баюдың жемқорлық схемасын ашты.
Жүргізілген жедел тергеу нәтижесінде Ақтау қаласы бойынша білім бөлімінің басшысы әшкере болды.
Ол аз қамтылған отбасынан шыққан балаларға тамақтандыру қызметін көрсету бойынша жасалған шарт шеңберінде орындалған жұмыс актілеріне кедергісіз қол қойғаны, ақша қаражатын аудару және жалпы қамқорлығы үшін пара алды деген күдікке ілінді.
Соттың санкциясымен күдікті қамауда отыр. Сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр.
Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жарияланбайды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!