{metadescription}
Көлікке газ балонын орнатуға тыйым салына ма – Энергетика министрлігінің жауабы

Көлікке газ балонын орнатуға тыйым салына ма – Энергетика министрлігінің жауабы

Елімізде көліктерді газ балонымен жабдықтаумен айналысатын компанияларға лицензия алу міндетті болуы ықтимал. Бұл туралы Энергетика вице-министрі Әлібек Жамауов айтты деп хабарлайды Kazinform.

«Қазіргі таңда көлікке газ балоннын орнатуға тыйым жоқ. Кез келген адам көлігіне орната алады. Бүгінде көлікті газға ауыстыруға шектеу қою не қадағалау мәселесін ойластырып жатырмыз. 100 пайыз шектеу болмайды. Бірақ, газ жабдықтарының қайдан келгені, сапасы, қай жерде орнатылғаны тексеріледі. Қазіргі уақытта газ балонын орнататын компаниялардың лицензиясы мүлдем жоқ. Мүмкін, лицензиялық қызмет жасайтын шығармыз. Соны ойластырып жатырмыз», - деді вице-министр БАҚ өкілдеріне арналған брифингте. 

Оның атап өтуінше, көлікке газ балонын кез келген гаражда орнатқызуға болады. Бірақ бұл өте қауіпті. 

«Біз ресми сауал жолдадық. Ішкі істер министрлігінің ресми дерегіне сәйкес, соңғы жылда ғана 300 мыңнан астам автомобиль сұйытылған мұнай газына көшірілді. Яғни, осынша көлік газ балонымен жабдықталды», - деді Әлібек Жамауов.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.