{metadescription}
Қызыл теңізде басып алынған кемеде бес елдің азаматтары бар

Қызыл теңізде басып алынған кемеде бес елдің азаматтары бар

Қызыл теңізде йемендік «Ансар Аллах» бүлікші-хуситтер қозғалысы Galaxy Leader кемесін басып алды, оның операторы – жапондық Nippon Yusen (NYK Line) компаниясы, деп хабарлайды Kazinform

Бортта Болгария, Мексика, Румыния, Украина мен Филипиннің 25 экипаж мүшесі болған. Командада Израиль мен Жапония азаматтары жоқ. Кеме ұлыбританиялық компанияға тиесілі.

Бұған дейін «Ансар Аллах» өкілі Яхья Сариа мәлімдеме жасап, қозғалыс Қызыл теңізде израильдік кемені басып алып, оны Йемен жағалауына апарғанын айтты.

Экипаж тұтқынға алынды. Marine Traffic қызметінің дерегі бойынша, кеме Багам аралдары достастығы туын іліп жүзіп бара жатқан. Ол соңғы рет 18 қараша 13:04-те қайда екені туралы ақпарат берді.

Сол сәтте кеме Қызыл теңіздің орталық бөлігінде болатын. Қазір оның транспондері өшірілген.

Израиль қорғаныс әскері Түркиядан Үндістанға бар жатқан Galaxy Leader кемесінің еврей мемлекетіне қатысы жоқ екенін және экипаж мүшелері қатарында Израиль азаматтары болмағанын мәлімдеді.

Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху кеңсесінің мәлімдемесіне сенсек, кеме британдық компанияға тиесілі, жапон компаниясы басқарады.

Бортында 25 экипаж мүшесі болған, олардың арасында Израиль азаматтары жоқ.

Кеңсе «кемені басып алған – Иран» деп айыптап отыр.

Жексенбі күні Сариа хуситтердің қолы жететін аумаққа іліккен израильдік кемелерге шабуыл жасаймыз деп сес көрсетті.

Ол барлық елді экипаж құрамындағы азаматтарын эвакуациялауға және Израиль кеме қатынасы компанияларының қызметінен бас тартуға шақырды.

Сонымен қатар қозғалыс өкілі Қызыл теңіздегі мұндай кемелерден аулақ болуды ұсынды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде