{metadescription}
Ақмола облысында арбадағы адам жедел жәрдем көлігінің астына түсіп мерт болды

Ақмола облысында арбадағы адам жедел жәрдем көлігінің астына түсіп мерт болды

Ақмола облысында арбаға танылған екінші топтағы мүгедек – 67 жастағы ер адам абайсызда жедел жәрдем көлігінің астына түсіп, мерт болды. Полиция сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізіп, деп хабарлайды Kazinform

Ақмола облыстық ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға 21 қарашада Целиноград ауданының Ақмол ауылында болған.

«Емхананың тұрағында жедел жәрдем станциясының жүргізушісі «УАЗ» автокөлігімен маневр жасау кезінде мүгедектер арбасында отырған 67 жастағы ер адамды абайсызда басып кетті. Ер адам 2-ші топтағы мүгедек, арабаның көмегімен қозғалады, көліктің артқы жағында тұрған. Зейнеткер алған дене жарақатынан сол жерде көз жұмды. Қазіргі кезде, жол-көлік оқиғасы дерегі бойынша Қылмыстық кодекстің 345-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары қолға алынып, сараптамалар тағайындалды», - деді ведомстводан.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

15 наурыз

14 наурыз

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде