{metadescription}
Алматы облысында 9 жасар қызды ұрлап, зорлап кеткен

Алматы облысында 9 жасар қызды ұрлап, зорлап кеткен

Алматы облысы, Қарасай ауданы, Сауыншы аулында оқушы қыз зорланды. Полиция тергеу амалдарын бастады, деп хабарлайды Kazinform.

Бұқаралық ақпарат құралдарында 12 қараша күні үйінде ұйықтап жатқан 9 жасар қызды белгісіз ер адам ұрлап кетіп, зорлағаны туралы ақпарат тарады.

Осы оқиғаға қатысты Алматы облыстық полиция департаменті түсінік берді.

«Қарасай ауданы, Сауыншы ауылы тұрғынының арызы бойынша, ҚР ҚК 121-бабының 4-бөлігіне сәйкес іс тіркелді. Қазір қылмыстың барлық мән-жайы тергеуде, оның жан-жақтылығын, толықтығын және объективтілігін қамтамасыз ету мақсатында сараптама, тексерулер тағайындаумен тергеу жүріп жатыр», - дейді Алматы облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметінің басшысы Ернар Сайділдин.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

14 наурыз

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.