{metadescription}
Олжас Тәжібаев Шымкент құрылыс басқармасына басшы болды

Олжас Тәжібаев Шымкент құрылыс басқармасына басшы болды

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің келісімі бойынша, қала әкімінің өкімімен Олжас Пердебайұлы Тәжібаев Шымкент қаласының құрылыс басқармасына басшы болып тағайындалды. 

Олжас Пердебайұлы 1988 жылы 23 тамызда Алматы облысы Қарасай ауданында туған.

Қазақ бас-сәулет құрылыс академиясының түлегі.

Мамандығы бойынша біліктілігі — құрылысшы.

Еңбек жолын 2011 жылы «МКО Просто Кредит» ЖШС несие маманы болып бастаған.

2012-2022 жылдары жеке секторда және мемлекеттік органдарда жауапты басшылық қызметтер атқарды.

2022-2023 жылдары Алматы қалалық құрылыс басқармасы басшысының орынбасары лауазымында еңбек етті.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде