{metadescription}
Теңізден жұмысшыларды тасымалдайтын автобуста әлдебіреу оқ атқан

Теңізден жұмысшыларды тасымалдайтын автобуста әлдебіреу оқ атқан

Атырау облысындағы Теңіз кен орнының жұмысшыларын тасымалдайтын автобуста оқ атқан адам ұсталды.

Күдікті қамауға алынды, деп хабарлайды Kazinform. Жылыой ауданындағы «Теңіз» кен орны мен Құлсары қаласы арасында жұмысшыларды тасымалдайтын автобуста оқ атылған.

Атырау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі растаған ақпаратқа қарағанда, оқиға 20 қарашада болған.

Автобус салонында отырған жолаушының бірі Жаңа Қаратон кентінің тұсына келгенде оқ атқан.

Салдарынан салондағы ер адамның беті жарақаттанған.

«Салонда оқ атқан адам ұсталып, қамауға алынды. Оған қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабының 4-бөлігімен тергеу жүргізіліп жатыр», - деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде