{metadescription}
Маңғыстау облыстық кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығынан қаржы жымқырылған

Маңғыстау облыстық кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығынан қаржы жымқырылған

Ақтау қаласының прокуратурасы ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жетім балаларға, сондай-ақ мүгедек балаларға арнаулы медициналық-əлеуметтік қызметтер көрсететін денсаулық сақтау жəне əлеуметтік қорғау жүйесінің мекемелерінің қызметіне тексеру жүргізді.

Тексеру нәтижелерімен өрт қауіпсіздігі, еңбек, әлеуметтік қорғау және санитарлық-эпидемиологиялық бақылау заңнамалары саласында заңдылықтың бұзылулары анықталды, деп хабарлайды Kazinform Маңғыстау облысының прокуратурасына сілтеме жасап. 

Сонымен қатар бюджет қаражатын жымқыру дерегі анықталды.

2022 жылы облыстық кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығының бұрынғы директоры өзінің тумаластарын жұмысқа заңсыз орналастырып, іс жүзінде жұмыс жасамай (өлі жандар), ай сайын жалақылары төленіп, сыйақылары негізсіз есептеліп, олардың есеп шоттарына 2,6 млн. теңге аударылған.

Бұрынғы директордың іс-әрекетінде бюджет қаражатын жымқыру қылмыстық құқық бұзушылық құрамының байқалуына байланысты, прокурорламен ҚР ҚК-нің 189-бабы 3-бөлігінің 2) тармақшасында көзделген сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

Тергеу іс-құжаттары Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаментіне жолданды.

«Басқа да анықталған заңдылықтың бұзылулары бойынша прокурорлық қадағалау актілері енгізіліп, 2 мекеме директорына 7 әкімшілік іс-құжаттары толтырылды»,-делінген хабарламада.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде