{metadescription}
Іле Алатауында аяғы үсіп қалған турист құтқарылды

Іле Алатауында аяғы үсіп қалған турист құтқарылды

ТЖМ құтқарушылары Іле Алатауы тауларында Қырғызстаннан келген туристі құтқарды, деп хабарлады Kazinform

23 қарашада Қырғызстан азаматы Іле Алатауы тауларындағы Бутаковка шатқалынан түсу кезінде аяғын жарақаттап алды.

Таңғы сағат 4-те Республикалық жедел-құтқару жасағының құтқарушылар тобы аяғы үсіп қалған туристі тапты. Құтқарушылар барлық қажетті көмек көрсетіп, әйелді шатқалдан төмен түсірді.

«Тауға жалғыз бармаңыз және жақындарыңызға қалаға оралу уақыты туралы ескертуді ұмытпаңыз», - деді Төтенше жағдайлар министрлігінен.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде