Жаңбыр, қар, көктайғақ — 24 қарашаға жасалған күн райы болжамы
Қазгидромет Қазақстан аймақтарында 2023 жылғы 24 қарашада болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжау консультациясын жариялады.
Фото: Виктор Федюнин/ Kazinform
08:36 24.11.2023
Оңтүстік Каспий циклоны және онымен байланысты атмосфералық фронттар ҚР аумағы арқылы жылжуын жалғастырады және елдің басым бөлігіне ықпалын сақтайды, сонымен бірге жауын-шашын (жаңбыр, қар), оңтүстік-батыста, солтүстік-батыста, солтүстікте – қатты жауын-шашын жауады. Қазақстан бойынша тұман, көктайғақ, желдің күшеюі, солтүстік, солтүстік-батыс, орталық аудандарында бұрқасын күтіледі.
Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, Түркістан облысының тау асуларында, түнде Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстігінде, батысында, күндіз Жамбыл облысының оңтүстік-батысында 30 м/с және одан аса жел күтіледі.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!