{metadescription}
Балаларға шабуыл жасалғаннан кейін тәртіпсіздіктер басталды

Балаларға шабуыл жасалғаннан кейін тәртіпсіздіктер басталды

Жүздеген оңшыл экстремист Ирландия астанасы көшелеріне шықты. Тәртіпсіздіктер полициямен қақтығысқа ұласты, деп Kazinform хабарлайды.

Дублиннің бірнеше ауданында бейсенбі кешке жаппай тәртіпсіздік басталды. Полиция дерегінше, олардың артында оңшыл экстремистер тұр. 

Британиялық Sky News агенттігінің хабарлауынша, полициямен қақтығысқа ұласқан наразылыққа қатысушылар саны жүздеген адамға жетеді. 

Наразы топ құқық қорғау органы қызметкерлеріне бөтелка мен фаерлер лақтырып, бірнеше автобус пен полиция автокөлігін өртеп жіберді. 

Әлеуметтік желілерде шабуылға ұшыраған дүкеннің видеосы тарап жатыр. 

Көшелерге шыққан адамдар антимигранттық ұрандар айтты. Тәртіп орнату үшін полиция қосымша күш сұрады, деп мәлім етті полиция өкілі RTE агенттігіне берген сұхбатында.

Тәртіпсіздіктерге балабақша маңындағы шабуыл себеп болды. 

Ирландия астанасындағы тәртіпсіздіктер пышақ ұстаған ер адам қала орталығында тұрғындарға шабуыл жасағаннан кейін бірнеше сағаттан соң басталды. Желіде шабуылдаушы - Алжир тумасы деген ақпарат желдей есіп жүр, бірақ ол ресми расталған жоқ. 

Полиция қылмыскердің ұлтына қатысты ақпарат беруден бас тартты. 

Шабуыл күндіз Парнелл-сквер-Исттегі балабақша маңында болды. Күдікті үш бала мен оларды қорғауға тырысқан тәрбиешіні пышақтап кетті. Екі адам - бес жасар қыз бен 30 жастағы әйел ауыр жарақат алды. Шабуылдаушыны полиция келгенге дейін көшеде кетіп бара жатқан адамдар ұстады. Ұстау кезінде оның өзі де жараланды. 

Қылмыстың себебі белгісіз, әуелде полиция өкілдері оқиғаны теракт деп есептемейтіндерін мәлім еткен болатын. Оның ішінде полиция спикері Лиам Джерати оқиғаға қатысты қоғам алаңдап отырғанын түсінетінін, бірақ бұл қаладағы немесе елдегі басқа мәселелерге қатысы жоқ оқиға деп ойлайтынын айтты. Полиция тәртіпсіздікке қатысушыларды “оңшыл идеология қозғап отырған ессіз бұзақылар тобы” деп атады. Салдарынан билік өкілдері лаңкестік сипаттағы қасақана шбуыл болуы мүмкін деген нұсқаны да қарастырып жатқанын мәлім етті.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде