Шымкентте екі жасар баланы туысы 4-қабаттың терезесінен лақтырып жіберді
Шымкентте 2 жасар сәбиді туысы 4-қабаттың терезесінен тастап жіберді, деп хабарлайды Kazinform.
Фото: Александр Павский/Kazinform
12:26 24.11.2023
Оқиға әл-Фараби ауданына қарасты Ғ.Иляев көшесінің бойында болған. Шымкент қаласы ТЖД таратқан ақпаратқа сүйенсек, 2021 жылы туған сәбиді психоневрологиялық диспансерде есепте тұратын туысы 4-ші қабаттың терезесінен төменге тастап жіберген.
Қазір сәби ауруханада ем қабылдап жатыр, жағдайы ауыр.
«Жедел жәрдем қызметінен кеше кешкісін баланың терезеден құлағаны туралы хабар келіп түсті. Оқиғаның мән-жайын полиция департаментінің қызметкерлері анықтап жатыр» делінген Шымкент қаласы ТЖД қоғаммен байланыс тобы таратқан ақпаратта.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!