{metadescription}
Қарағанды облысының статистика департаментіне жаңа басшы тағайындалды

Қарағанды облысының статистика департаментіне жаңа басшы тағайындалды

Қарағанды облысы бойынша аумақтық статистика департаментінің басшысы болып Сәуле Комутова тағайындалды.

Бұған дейін ол осы департамент басшысының орынбасары қызметін атқарған. Өңірдің жаңа басшысын ұжымға Ұлттық статистика бюросының басшысы Мақсат Тұрлыбаев таныстырды.

Сәуле Комутова кәсіпкерлік және менеджмент мәдениеті институтын «Экономика және менеджмент» мамандығы бойынша бітірген.

Мемлекеттік қызметте 18 жылдан астам уақыт еңбек етіп келеді.

«Бүгінде бюро трансформация кезеңін өткеріп жатыр. Мемлекет басшысы атап өткендей, біз маңызды реформаны жүзеге асырып, цифрлық технологияларға бағдарланған ведомство болуымыз тиіс. Біздің алдымызда статистикалық және басқа деректерді ретке келтіру міндеті тұр. Осы көрсеткіштерді қалыптастыруда сіздердің еңбегіңіз бен үлесіңіз маңызды рөл атқарады. Біріге отырып, осы биік мақсаттарымызға қол жеткізе аламыз деп сенемін», – деді Мақсат Тұрлыбаев аймақ басшысын таныстыру барысында.

Сәуле Амантайқызы еңбек жолын 1997 жылы Қарағанды облыстық статистика басқармасының халық және еңбек статистикасы бөлімінің маманы болып бастады.

Әрі қарай құрылыс және инвестиция статистикасы тобының меңгерушісі болды.

1999-2001 жылдары ақпарат-статистика орталығының өндірістік сала бөлімінің бастығы болып жұмыс істеді.

Кейінгі жылдары аумақтық статистика органында әртүрлі лауазымдарда еңбектенді.

2009 жылдан бастап Қарағанды облысының статистика бөлімі басшысының орынбасары қызметін атқарды.

«Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл» мерейтой медалімен, «Статистика үздігі» төсбелгісімен марапатталған.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде