{metadescription}
Атырауда 27 жастағы жігіт тұрғындарды әйел даусымен алдаған

Атырауда 27 жастағы жігіт тұрғындарды әйел даусымен алдаған

Атырауда 27 жастағы жігіт бірнеше тұрғынды әйел даусымен алдап келген, деп хабарлайды Kazinform.

Атырау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, биыл әлеуметтік желідегі парақшаларда пәтер жалға беру жөніндегі жарияланған хабарландырудан 20-ға жуық тұрғын зардап шеккен.

«Криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері „Hi-Tech“ іс-шарасы кезінде күдіктінің Krisha.kz парақшасында пәтерді жалға беру жөнінде жалған хабарландыру беріп келгенін анықтады. Ол хабарласқан тұрғындардың алдын-ала төлем ретінде аударған қаржысын алаяқтық жолмен иемденген. Назар аударатын бір жайт, күдікті телефондағы дауысын әртүрлі үнге өзгертіп, бірде жас қыз, келесіде орта жастағы әйел адам болып сөйлескен.​ Мәселен, 37 жастағы тұрғын күдіктімен Whatsapp мессннджері арқылы хат алмасып, ​ алдын-ала 50 мың теңге аударып, алданып қалған. Тергеу кезінде күдіктінің осындай 3 қылмыстық іске қатысы бары анықталды», — деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Қазір күдіктіге қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабының 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Өзге ақпарат ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес жариялауға жатпайды.

Еске сала кетелік, бұған дейін Атырауда жұмысқа орналастырамын деп аллап 800 мың теңге алған адам ұсталғанын жазған едік.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде