Алматыда мектеп бухгалтері 46 млн теңгені өз шотына аударып алған
Алматы прокурорлары мектептердің бірінде 46 млн теңгеден астам сомада бюджет қаражатының ұрланғанына анықтады, деп хабарлайды Kazinform.
14:50 24.11.2023
Мектептің бас бухгалтері бір жыл бойы штаттық кестеде қарастырылған жалақыдан асатын жалақыны өзінің жеке шотына заңсыз аударып келген. Аталған факті бойынша Бостандық ауданының прокуратурасы сотқа дейінгі тергеп-тексеру бастады.
Тергеу барысында мектеп бухгалтері өз кінәсін толық мойындады. Сот үкімімен кінәлі адам Қылмыстық кодекстің 189-бабы 4-бөлігінің 2-тармағы (сеніп тапсырылған мүлікті иемдену және ысырап ету) бойынша материалдық-жауапты лауазым атқару құқығынан 5 жыл мерзімге айыра отырып, 7 жылға бас бостандығынан айырылды. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!