{metadescription}
Шымкентте баланы терезеден лақтырып жіберген күдікті ұсталды

Шымкентте баланы терезеден лақтырып жіберген күдікті ұсталды

Шымкентте адам өлтіруге оқталған деген күдікпен ер адам ұсталды.

Ол бір жасар баланы төртінші қабаттың терезесінен лақтырып жіберген, деп хабарлайды Zakon.kz. Полиция департаментінің мәліметінше, 23 қарашада Әл-Фараби аудандық полиция басқармасына бір әйелден психоневрологиялық диспансерде есепте тұрған ағасы бір жасар ұлын төртінші қабаттағы пәтердің терезесінен лақтырып жібергені туралы хабарлама түскен. Оқиға орнына полиция қызметкерлері мен прокурорлар аттанды.

Бұл факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің "Кісі өлтіруге оқталу" бабымен қылмыстық іс қозғалды. Бала жарақатпен ауруханаға жеткізілді.

"40 жастағы күдікті ұсталды. Ол уақытша ұстау изоляторына қамалды. Барлық қажетті тергеу шаралары жүргізілуде", – делінген хабарламада. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде