{metadescription}
Қазақстанда ет қымбаттай ма – министрдің жауабы

Қазақстанда ет қымбаттай ма – министрдің жауабы

Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров еліміздегі ет бағасына қатысты түсінік берді, деп хабарлайды Kazinform.

«Қазір елімізде ет бағасы тұрақты деңгейде, яғни 2,5 мың теңгеден асқан жоқ. Бұл тұрғыда осы бағадан аспайды деп ойлаймыз. Өйткені бізде малды тірідей шетке шығаруға шектеу қойылды. Қосымша киіктің еті ет комбинаттары арқылы сатылып жатыр. Бұл жағдай да біршама әсерін береді», - деді А. Сапаров Сенатта аграрлық ғылымды дамыту тақырыбына арналған Үкімет сағатынан кейін тілшілер сұрағына жауап бере отырып.

Осы орайда министр Қостанай облысында киік етінен консерві шығарыла бастағанын еске салды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде