{metadescription}
Қостанай облысында ауылға интернет тартуға жыл сайын 1 млрд теңге бөлінбек

Қостанай облысында ауылға интернет тартуға жыл сайын 1 млрд теңге бөлінбек

Қостанай облысының әкімі өңірдегі интернет сапасы нашар ауылдардың мәселесін қалай шешілетінін айтты, деп хабарлайды Kazinform.

«Қостанай облысының 29 ауылында әлі күнге дейін интернет пен байланыс жоқ. Бүкіл облыс үзіліссіз интернетпен және байланыспен қашан қамтамасыз етіледі?», – деп сұрады журналист орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

«Халықпен кездескенде осы мәселе ылғи да көтеріледі. Өйткені бүгінгі таңда интернетсіз өмір жоқ. Солай емес пе? Балаларға да, үлкендерге де сапалы интернет керек. Жаңа ғана айтқанымдай, 490 ауылдың тек 67 пайызында ғана сапалы интернет бар. Сапалы интернет деп тұрғаным – 4G. Қалғандарында 3G, 2G – сапасыз интернет», – деді облыс басшысы.

Әкімнің айтуынша, аталған мәселеге облыс бюджетінен жыл сайын 1 млрд теңге бөліп отыру көзделген.

«Сондықтан жаңа айтып өттім, «Қазақтелеком» және «Beeline» компанияларының басшылығымен меморандум жасадық, келістік. Жыл сайын облыстық бюджеттен 1 млрд теңге бөлінетін болады. Мачта қоямыз. Сол мачтаға аталған екі компания құрал-жабдықтарын қояды. Жыл сайын ең кемінде 50 шақты ауылды жақсы интернетпен қамтимыз», – деді Құмар Ақсақалов.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.