{metadescription}
Асланбек Шүйіншәлиев Ақтөбе қаласында аудан әкімі болды

Асланбек Шүйіншәлиев Ақтөбе қаласында аудан әкімі болды

Асланбек Шүйіншәлиев Ақтөбе қаласы Алматы ауданының әкімі болып тағайындалды, деп хабарлайды Kazinform.

Ақтөбе қаласы әкімі баспасөз қызметінің мәліметінше, Президент Әкімшілігінің және Ақтөбе қалалық мәслихатының келісімімен Шүйіншәлиев Асланбек Серікұлы Алматы ауданының әкімі лауазымына келді.

Асланбек Шүйіншәлиев 1988 жылы дүниеге келген. Қазақ-орыс халықаралық университетін "құқықтану", Алматы экономика және статистика академиясын "экономика", ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясын "өңірлік даму" біліктілігі бойынша аяқтаған.

Ақтөбе облысының балалардың құқықтарын қорғау департаментінде, Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстары бойынша бәсекелестікті қорғау (монополияға қарсы) инспекциясында, облыс бойынша аумақтық жер инспекциясында жұмыс істеген. Қарғалы аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы, Қарғалы ауданы Бадамша ауылдық округінің әкімі, Алға аудандық қаржы бөлімінің басшысы, облыс әкімі аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық және талдау бөлімінің бас инспекторы, Қарғалы ауданы әкімінің орынбасары, облыс әкімі аппаратының құқық қорғау органдарымен өзара әрекеттесу бөлімінің басшысы болып қызмет атқарды.

Осы лауазымға тағайындалғанға дейін Ақтөбе облыстық Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы болды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде