Алматыда ауа сапасы нашарлайды
«Қазгидромет» РМК Қазақстан қалаларындағы ауа сапасына болжамын жариялады.
09:07 25.11.2023
25 қарашада ауаның ластануының қолайсыз метеорологиялық жағдайлары Алматы қаласында күтіледі.
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.
Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!