{metadescription}
Қажылыққа барушыларды алдаған туристік фирма басшысы ұсталды

Қажылыққа барушыларды алдаған туристік фирма басшысы ұсталды

ІІМ тергеу департаменті қажылық туризмін ұйымдастыру саласындағы алаяқтық фактісі бойынша қылмыстық істі тергеп жатыр, деп хабарлайды Polisia.kz

Тергеу нәтижесінде «Zam Zam Qazaqstan» туристік компаниясының басшысы Сауд Арабиясына қажылықты заңсыз ұйымдастырғаны әшкере болды. 

Ол Сауд Арабиясы мемлекеттік органының ресми сайтына ұқсас, қажылық жасауға берілген виза растайтын жалған сайт жасаған. 

22 қарашада сот санкциясымен күдікті қамауға алынды.

Сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр. 

Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес өзге мәлімет жарияланбайды. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде