Алматыда ер адам биіктен құлап, мерт болды
Алматыда ер адам "Премьера" тұрғын үй кешенінің 14-қабаттағы балконынан құлап, мерт болды.
Фото: Zakon.kz
13:16 25.11.2023
Полиция бұл фактіні суицид тіркеп, ҚР ҚК-нің 105-бабы, "Өз-өзіне қол жұмсауға жеткізу" бойынша тергеу амалдарын қол алды.
"Алматы қаласының полиция департаменті бұл фактіге сәйкес, Наурызбай ауданының полиция басқармасы ҚР ҚК 105-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу шараларын жүргізіп жатқанын нақтылайды", - делінген Zakon.kz редакцияның жолдаған сауалына берілген жауапта.
Қайтыс болған адамның жеке басы және оның өзіне қол жұмсауына не түрткі болғаны туралы ақпараттар анықталып жатыр.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!