{metadescription}
Шымкентте әйел 11-қабаттан секіріп өлмек болған

Шымкентте әйел 11-қабаттан секіріп өлмек болған

Шымкент тұрғынын суицидтен құтқару сәті полицейлердің бейнежетонына түсіп қалды, деп хабарлайды Polisia.kz.

24 қарашаның кешінде жедел басқару орталығына белгісіз әйелдің көппәтерлі үйдің 11-қабатындағы ортақ балконнан секіруге оқталып тұрғаны туралы хабар түсті. Тез арада патрульдік полиция полкінің автоэкипажы жолданды.

Оқиға орнына жеткен тәртіп сақшылары балконның қоршауына шығып тұрған қызды көреді. Оның назары бір сәтке ауғанын пайдаланған инспектор Нұржан Айдаров қызды қауіпсіз жерге шығарып үлгерді.

Қызбен профилактикалық сұхбат жүргізілді. Оның жеке мәселеге байланысты осындай қадамға барғаны белгілі болды. Қазір оның өміріне қауіп төніп тұрған жоқ.

"Қайғылы оқиғаларды болдырмау, құтқару және көмектесу — біздің міндетіміз", — дейді полиция қызметкерлері.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде