{metadescription}
Әнші Ақжол Мейірбеков өмірден озды

Әнші Ақжол Мейірбеков өмірден озды

«Дос-Мұқасан» ансамблінің әншісі Ақжол Мейірбеков өмірден озды.

Жайсыз хабар туралы Сәкен Майғазиев әлеуметтік желідегі парақшасында жазды. 

«Мейірбеков ағамыз Раббысына қайтыпты. Фирдаус жаннаты нәсіп етсін. Өте жақсы адам еді. Қазақ халқына, атамыздың әулетіне қайғырып көңіл айтамыз», — деп жазды С. Майғазиев. 

Әнші 1950 жылы 7 шілдеде Оңтүстік Қазақстан облысы Арыс қаласында дүниеге келген.

1978 жылы «Дос-Мұқасан» ансамбліне қабылданып, 1985-1994 жылдары Алматы облыстық филармониясының «Арқас», «Сазген», «Адырна» ансамбльдерінде өнер көрсетті.

Әнші 1994-1996 жылдары «Гүлдер» ансамблінің көркемдік жетекшісі әрі директоры болды. Ал 2001 жылы «Ақжол» ән-театрын құрды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде