{metadescription}
Талдықорғанда мас болып көлік жүргізген қыз жүктімін деп сотты алдады

Талдықорғанда мас болып көлік жүргізген қыз жүктімін деп сотты алдады

Талдықорғанда мас болып көлік басқарған жас қызға қатысты тергеу басталды, деп хабарлайды Kazınform.

Жақында көлікті мас күйінде басқарғаны үшін ұсталған Талдықорған қаласының 24 жастағы тұрғыны сотқа жүктілігі туралы жалған медициналық анықтама ұсынған.

Осылайша бойжеткен әкімшілік құқық бұзушылық үшін Қазақстан заңнамасында көзделген жазадан құтылмақ болды.

Жалған құжатты пайдалану арқылы сотты алдау фактісі прокурорлық тексеріс барысында анықталды.

Естеріңізге сала кетейік, жақында патруль полиция қызметкерлері қатты мас күйінде Haval көлігін жүргізіп келе жатқан 24 жастағы қызды ұстаған.

Медициналық сараптама қыздың мас болғанын растады. Оған ҚР ӘҚБтК 608-бабы бойынша хаттама толтырылды.

Бұл баптың санкциясында 15 тәулікке қамауға алу және 7 жылға жүргізуші куәлігінен айыру жазасы қарастырылған.

Алайда сотта ол қамалу жазасынан құтылу мақсатында жүктілігін растайтын медициналық анықтама ұсынды.

Әкімшілік жазадан жалтару әрекеті қыздың жағдайын одан әрі қиындатып жіберді, енді ол қылмыстық заңнамаға сәйкес жауапкершілікке тартылады.

Бұл факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 385-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды,.

Ол бап та аса ірі көлемде айыппұл салу, түзеу жұмысына не қоғамдық жұмысқа тарту, немесе 40 тәулікке дейін қамауға алу жазасы қарастырылған.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде