{metadescription}
Магомед Адиев жақын арадағы жоспарына қатысты мәлімдеме жасады

Магомед Адиев жақын арадағы жоспарына қатысты мәлімдеме жасады

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Магомед Адиев «Ақтөбенің» бас бапкері қызметіне тағайындалуы мүмкін деген ақпаратқа қатысты пікір білдірді.

Ол, сонымен қатар алдағы уақыттағы жспарын да атап өткен.

«Достар, жанкүйерлер, бүгін маған жақын арада «Ақтөбе» футбол клубын басқаратыныма қатысты көптеген сұрақтар келіп түсуде. Алайда, менің басты мақсатым мен міндетім – Қазақстан құрамасы мен наурыз айында өтетін ойындар, мен қазіргі кезде осы кездесуге дайындық мәселесіне баса назар аударамын.  соған көңіл бөлемін деп сендіргім келеді. Менің арманым – 2024 жылғы футболдан Еуропа чемпионатына жету және соған қатысу. Осыған орай, құрметті достар мен жанкүйерлер, жақын арада ешқандай футбол клубын басқаруды жоспарлап отырған жоқпын», - деп жазды Адиев Instagram парақшасында.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде