Динара Щеглова ҚР Ғылым және жоғары білім вице-министрі болды
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Динара Ринатқызы Щеглова Ғылым және жоғары білім вице-министрі қызметіне тағайындалды.
Фото: primeminister.kz
10:23 27.11.2023
Динара Щеглова 1982 жылы Семей қаласында туған.
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін, Т. Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетін, Қазақ экономика, қаржы және халықаралық сауда университетін бітірген.
2004-2006 жылдары – ҚР Ақпараттандыру және байланыс жөніндегі агенттігі бөлімінде бас маман.
Әр жылдары коммерциялық құрылымдарда еңбек етті.
2011-2018 жылдары – «Зерде» ұлттық инфокоммуникациялық холдингі» АҚ-да бас менеджер, департамент директоры, басқарушы директор, төраға кеңесшісі, басқарма төрағасының орынбасары.
2018-2019 жылдары – ҚР Ақпарат және коммуникациялар вице-министрі.
2019-2020 жылдары – ҚР Премьер-Министрінің кеңесшісі.
2020 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!