{metadescription}
«Қазақмыс» кенішінде тағы екі адам қаза болды

«Қазақмыс» кенішінде тағы екі адам қаза болды

«Қазақмыс» компаниясының Жамбыл облысындағы «Жайсан» кенішінде екі жұмысшы қаза болды.

«Қазақмыс» компаниясы 27 қарашада Жамбыл облысындағы «Жайсан» кенішінде болған жазатайым оқиға туралы өкінішпен хабарлайды. Тау-кен жұмыстарын жүргізу кезінде Ғ. Омаров атындағы шахта проходкалау трестінің 1981 және 2002 жылы туған қызметкерлері (үңгушілер) ауыр жарақат салдарынан қаза болды.

Арнайы комиссия жазатайым оқиғаның мән-жайы мен себептерін анықтап жатыр.

«Қазақмыс» компаниясының басшылығы мен еңбек ұжымы қаза тапқандардың туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтады», - делінген хабарламада.

Кенішке Жамбыл облыстық Еңбек инспекциясында құрылған арнайы топ баратыны белгілі болды.

«Бүгін қайғылы оқиға орын алған жерге Жамбыл облыстық Еңбек инспекциясының арнайы құрылған комиссия тобы барады. Басқа ақпараттар арнайы комиссияның шешімінен соң белгілі болады. Әзірге тергеп-тексеру жүргізіліп, оқиғаның мән-жайы анықталуда», - дейді Жамбыл облыстық Төтенше жағдайлар қызметі баспасөз хатшысы Сәуле Мұнатаева.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде