{metadescription}
Түркі елдерінің тау шаңғысы курорттары альянсын құру туралы меморандумға қол қойылды

Түркі елдерінің тау шаңғысы курорттары альянсын құру туралы меморандумға қол қойылды

Іс-шара аясында курорттар ынтымақтастық туралы келісімге, сонымен қатар халықаралық қатынастар мен іскерлік ынтымақтастықты нығайту мақсатында түркі елдерінің тау шаңғысы курорттарының альянсын құру ниеті туралы Меморандумға қол қойды.

Жаңа Альянс шеңберінде Курорттар мынадай мақсаттар қойды: кәсіби әзірлемелермен және озық тәжірибелермен алмасу үшін жағдайлар жасау, қызметкерлердің кәсіби біліктілігін арттыру, альянстың медиа ресурстарында туристік өнімді бірлесіп алға жылжыту, қатысушы елдердің табиғи және мәдени мұрасын сақтау және өзара алға жылжыту, сондай-ақ Түркі елдерінің тау курорттары альянсына қосылу.

Сондай-ақ курорттар алдағы маусым аясында келесідей стратегиялық міндеттерді белгіледі:

  • Бірыңғай ski-pass және альянстың құрамына кіретін курорттар арасында ыңғайлы туристік маршруттарды әзірлеу;
  • Іс-шаралардың, көрмелер мен конференциялардың бірыңғай күнтізбесін құру;
  • Бұқаралық спорт пен жоғары жетістіктер спортын дәріптеу шеңберінде халықаралық спорттық іс-шараларды бірлесіп өткізу;
  • Іс-шаралар шеңберінде Альянс қатысушыларының тақырыптық этно-аймақтарын ұйымдастыру арқылы мәдени алмасуды іске асыру;
  • Таулы курорттарды басқару саласында кадрлар даярлау бойынша өңірдегі алғашқы корпоративтік университетті құру;
  • Альянс құрамына түркі елдерінің тау курорттарын тарту.

Форум аясында өткен баспасөз конференциясында «Шымбұлақ» ТК-ның бас директоры Абдрахманов Ринат жаңа Альянс құрудың ерекше рөлі мен маңыздылығын атап өтті.

«Бүгінгі меморандумға қол қою-біздің курорттарымыз үшін тарихи сәт қана емес, сонымен қатар түркі елдерінің тау шаңғысы туризмін дамытудағы күш-жігерін біріктірудің символы. Біздің ынтымақтастығымыз саланы дамыту және әлемнің түкпір-түкпірінен келген қонақтар үшін бірегей тәжірибе жасау үшін жаңа көкжиектер ашады. Біздің бастамамызды басқа қатысушы елдер толық іске асырғанына және қолдағанына қуаныштымыз», - деді ол.

 Өз кезегінде «Шаждаг» туристік орталығының бас директоры Наджафов Рустам Р.Абдрахмановтың сөздерін растап, тек курорттар арасындағы ғана емес, сонымен қатар қатысушы елдер арасындағы өңірлік қатынастарды  нығайтуға үлкен қадам жасалғанын жеткізді.

   «Мен бұл Альянсты құру тек территорияларды біріктіру ғана емес, сонымен қатар мәдениеттер, мұраттар мен мүмкіндіктердің бірігуі деп санаймын. Біз тек курорттар арасындағы ғана емес, сонымен қатар халықтар арасындағы байланысты нығайтатын үлкен қадам жасаймыз. Бұл қонақжайлылық пен спорттық мүмкіндіктер өзара түсіністік пен дамудың негізіне айналатын аймақтың дамуындағы жаңа кезең», - деді Р.Наджафов.

 «Kazakh Tourism ҰҚ» АҚ Басқарма төрағасының міндетін атқарушы Садвакасов Кайрат СПЕКА бағдарламасы шеңберінде үкіметтер деңгейінде ғана емес, серіктестік бизнес деңгейінде де интеграцияның маңыздылығын атап өтті.

20-25 қараша аралығында Бакуде «СПЕКА» экономикалық форумы өткен болатын, оған Әзірбайжан, Қазақстан, Өзбекстан, Түрікменстан, Тәжікстан және Қырғызстан қатысты

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.