{metadescription}
Қызылорда облысында жүк көлігінің тіркемесі автобусқа соқтығысып, 4 адам жарақат алды

Қызылорда облысында жүк көлігінің тіркемесі автобусқа соқтығысып, 4 адам жарақат алды

Қызылорда облысында жүк көлігінің тас тиелген тіркемесі босап кетіп, қарсы бағытта келе жатқан автобусқа соқтығысқан. Оқыс оқиға салдарынан дене жарақатын алған 4 адам ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды Kazinform

Оқиға 26 қарашада, сағат 18:50 шамасында Жалағаш ауданы, Аққұм ауылы тұсында «Шымкент-Самара» тас жолы бойында болған.

«Тас жол бойында «КаМАЗ» жүк көлігінің тас тиелген тіркемесі босап кеткен. Салдарынан жүк көлігінің тіркемесі қарсы бағытта Шымкент қаласына бара жатқан автобусқа соқтығысқан. Оқиға барысында 4 адам түрлі дене жарақатымен аудандық ауруханаға жеткізілді. Оқиға бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы 2-бөлігімен қылмыстық іс тіркеліп, тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде», - деп мәлім етті Қыылорда облыстық полиция департаментінен.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде